420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдағы Хумэнь көпірі уақытша жабылды

  • 339
  • UPD: 23:20, 06.05.2020
Қытайдағы Хумэнь көпірі уақытша жабылды

Қытайда Гуанчжоу мен Дунгуань қалаларын байланыстыратын Хумэнь көпірі уақытша жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған желден кейін көпір құрылысының шамадан тыс тербеліп, қалыпты күйден ауытқуы себеп болды. Аспалы өткелдің дірілдеуі жергілікті уақытпен түскі сағат 3-тен басталып түнге дейін жалғасқан. Қазір мамандар көпірдің құрылысын тексеруде. Ұзындығы 3 мың 618 метр болатын Хумэнь аспалы көпірінің құрылысы 1992 жылы басталып, 1997 жылы қолданысқа берілген.

 

Хабар 24 телеарнасы