425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ пен Ұлыбритания еркін сауда келіссөзін бастады

  • 347
  • UPD: 23:21, 06.05.2020
АҚШ пен Ұлыбритания еркін сауда келіссөзін бастады

Екі ел өкілдерінің алғашқы басқосуы бейнеконференция арқылы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24»

АҚШ делегациясын сауда өкілі Роберт Лайтхайзер бастаса, Ұлыбритания тарапынан сауда министрі Элизабет Трасс қатысты. Тараптар еркін сауда мәселесі бойынша пікіралмасуды жылдамдатуға келісті. Келіссөздің бірінші кезеңі 2 аптаға созылып, екіжақты сауда, инвестиция және шағын бизнесті қолдау мәселесі қарастырылады. Оған екі жақтан 300-ге жуық адам қатысуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы