425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ карантин тәртібін жеңілдеткен елдерге ескерту жасады

  • 467
  • UPD: 09:56, 07.05.2020
ДДСҰ карантин тәртібін жеңілдеткен елдерге ескерту жасады

Сербияда төтенше жағдай режимі аяқталып, комендаттық сағат алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шешімді ел парламенті соңғы дауыс беру кезінде қабылдаған. Ертеңнен бастап егде жастағылар да емін-еркін сыртқа шыға алады. Балабақшалар жұмысын қайта бастайды. Дегенмен кейбір шектеу шаралары өз күшінде қалмақ. Қоғамдық орында бетперде мен медициналық қолғап кию міндеттеледі. Көп адам жиналып жиын өткізуге болмайды. Театр мен кинотеатрлар әзірге жабық күйінде қалады.

Радован Филипович, жергілікті тұрғын:

– Ұзақ уақыттан кейін қалыпты тіршілікке оралған қандай керемет. Енді достарыммен кездесіп, отбасымызбен сыртқа серуенге шыға аламыз.

Бұл арада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы карантин тәртібін жеңілдетіп жатқан елдерге ескерту жасады. Ұйым шектеу шараларын кезең-кезеңмен асықпай алу керек дейді. Өйткені абай болмаса вирустың екінші толқыны басталып кетуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры карантинді жеңілдетуді көздеген елдерге 6 ұсынысын айтты. Соның ең бастысы әр елдің денсаулық сақтау жүйесі індеттің жаңа дерегі тіркелсе бірден әрекет етуі керек. Айта кетейік, әлем бойынша Испания, Италия, АҚШ, Германия мемлекеттері карантин тәртібін жеңілдетуге көшкен.

Хабар 24 телеарнасы