418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Голландиялық мейрамхана дәмді тағам ұсынудың ерекше жолын тапты

  • 286
  • UPD: 10:39, 07.05.2020

Жаһанды коронавирус жайлап, барлық мекеме қызметін тоқтатқан шақта голландиялық мейрамхана өз қонақтарына дәмді тағам ұсынудың ерекше жолын тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәлірек айтқанда, мұнда келушілер әйнектен жасалған үйшіктерге жайғастырылады. Сыртынан өте кішкентай болып көрінгенімен, ішінде 2-3 адам еркін отыра алады екен. Сақтық мақсатында даяшылар қолғап пен бетперде тағып жүрулері тиіс. Ал ас ұзын тақтайшалармен беріледі. Осылайша, мейрамхана басшылығы қонақтармен байланысты мейлінше азайтуға тырысқан.

БЛИЦ:

– Үйшіктер өте жайлы. Тағамдары да дәмді. Жалпы керемет идея дер едім.

– Қайта қауышып, тілдескенге не жетсін! Осындай жаңа да қызықты орындардың ашылып жатқанына қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы