419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузия 1 шілдеден бастап шетелдік туристерді қабылдайды

  • 291
  • UPD: 18:23, 07.05.2020
Грузия 1 шілдеден бастап шетелдік туристерді қабылдайды

Грузия премьер-министрі Георгий Гахария коронавирус пандемиясынан кейін ел 1 шілдеден бастап шетелдік туристерді қабылдай бастайтынын хабарлады.

Бұл қадам құрлықтағы шекараларда көршілес елдермен қауіпсіз дәлізді қамтамасыз ете отырып жасалады.

Егер бәрі ойдағыдай болса, Грузия шетелдік қонақтарды қабылдау үшін өз шекаралары мен инфрақұрылымын ашатын алғашқы елдердің бірі болады.

Қазір Грузияда туристік кезеңге тыңғылықты дайындық жүріп жатыр.

Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, Грузияда жалпы 615 адам коронавирус жұқтырған. Оның 275-і ем алып, аурудан айығып шыққан. Сондай-ақ тоғыз адам вирус құрбаны болған.

Грузияда төтенше жағдай режимі 22 мамырға дейін, сондай-ақ 21:00 мен 06:00 аралығына комендант сағаты енгізілген.

РИА

Хабар 24 телеарнасы