405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада президенттік сайлау кейінге қалдырылды

  • 178
  • UPD: 10:10, 08.05.2020
Польшада президенттік сайлау кейінге қалдырылды

Польшада коронавирус пандемиясына байланысты 10 мамырға жоспарланған президенттік сайлау кейінге қалдырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дауыс беру күні 12 шілдеге ауыстырылуы мүмкін. Бұл жолғы сайлаудың ерекшелігі, тұрғындар өз таңдауын пошта арқылы жасайды. Сырттай дауыс беру туралы заң жобасын елдің Парламенті де қолдап отыр. Мемлекеттің қазіргі басшысы Анджей Дуда республикадағы сайлау жақын күндері өтетініне сенім білдірді. Айта кетейік, алдын ала жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша үміткерлер арасында көш бастап тұрған қазіргі президент. Бұған дейін экс-президенттер мен премьерлер пошта арқылы дауыс беруге  қарсы шыққан болатын. Оның қатарында бұрынғы премьер Дональд Туск та бар. Еурокомиссия да ел аумағындағы президенттік сайлаудың өту барысына алаңдаушылық білдірді.  

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы