425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемді аштық пен кедейлік күтіп тұр - БҰҰ

  • 613
  • UPD: 11:11, 08.05.2020
Әлемді аштық пен кедейлік күтіп тұр - БҰҰ

БҰҰ пандемиямен күрес үшін кедей елдерге көмек берілмесе, онда бүкіл әлемде қақтығыстар, аштық пен кедейлік болатынын ескертті.

Бұл туралы БҰҰ ресми сайты хабарлады.

БҰҰ халықаралық ұйымдарды пандемиямен күрес үшін кедей елдерге 6,7 млрд доллар бөлуге шақырды. Көптеген кедей елдерде пандемияның шарықтау шегі бірнеше айдан кейін болады. Алайда бүгінде миллиондаған адам жұмысынан айырылып, өмір сүруге қаражатсыз қалды. Халықаралық ұйым гуманитарлық көмек көрсетудің жаңартылған жоспарын таныстырды. Ол кезде көмекке қажетті сома екі млрд доллар доллар болса, бүгінде ол қаражат жағдайдың күрделенуіне байланысты 6,7 млрд долларға өскен.

«COVID-19 пандемиясы - бұл барлығымыз үшін сынақ. Алайда әлемдегі кедей елдер өте қиын жағдайда қалып отыр. Қазірдің өзінде олардың мигранттардан келетін және туризмнен түсетін қаражат қысқарды», - деді БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Марк Локок виртуалды конференцияда.

Лококтың айтуынша, пандемияның осы салдарын жоюмен күреспейтін болсақ, оның зардабын кедей елдер ғана емес, бүкіл әлем тартатын болады.

Хабар 24 телеарнасы