419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украинада ауруханаға жататын адам коронавирус бойынша тестіден өтуі тиіс

  • 379
  • UPD: 15:16, 08.05.2020

Украинада бұдан былай ауруханаға жатқызылатын кез келген адам міндетті түрде коронавирус бойынша тестіден өтуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24»

Денсаулық сақтау министрлігі осындай талап қойып отыр. Алайда шенділердің бұл шешіміне қарсы шығып жатқан тұрғындардың қарасы көп

ПТР анализі дегеніміз – коронавирус және басқа да инфекциялық ауруларды адамның биологиялық материалы арқылы барынша нақты әрі дәл анықтай алатын диагностиканың заманауи тәсілі. Мұндай тестің құны Киевте 2500 гривень, шамамен 96 доллар тұрады. Украина Үкіметі бекіткен нөмірі 211 деп аталатын қаулы бойынша бұдан былай госпитализацияға жіберілген адам міндетті түрде осы тестіден өз қаржысына өту міндеттеледі. Ай мен күні жақындап қалған жүкті әйел Елена Остапенко бұл заң жобасының өте ыңғайсыз екенін айтып шағымданады.

Елена Остапенко, Киев қаласының тұрғыны:

– Медицина қызметкерлер де өте ыңғайсыз жағдайда қалды. Олар денсаулық сақтау министрлігіне бұл жарлықтың жүкті әйелдерге жарамайтынын айтып шағымдануда. Алайда әзірге ешкім құлақ асып жатқан жоқ. Ешқандай емхана сізді осы тестсіз қабылдай алмайды, ал анализдің қайта-қайта ақшасын сіз өз қалтаңыздан төлеуге шарасыз міндеттелесіз.

Ең қызығы, бұл анализдің жарамдылық мерзімі 3 күн. Егер осы үш күнде жүкті әйел босанып үлгермесе, тестіні қайтадан тапсыру қажет болады. Бұл біз үшін үлкен шығын, дейді Елена.

Елена Остапенко, Киев қаласының тұрғыны:

–Тестің нәтижесі үш күнге ғана жарайды. Егер осы уақытта босанып үлгермесең, анализді тағы жасауға тура келеді. Не болмаса, емханаға жатып, не бір күн немесе бір ай амалсыз күтесің. Шыны керек, бұл өте ыңғайсыз әрі ойланбай қабылданған заң жобасы деп айта аламын.

Украинаның денсаулық сақтау министрлігі Үкімет бекіткен қаулыны қабылдауға міндеттіміз деп шарасыздық танытады. Өз кезегінде, елдегі жүкті әйелдер бұл құжатқа жақын уақытта өзгеріс пен түзетулер енгізіледі үміттенеді. Украинада коронавирусқа қатысты қабылданған карантин 22 мамырға дейін жалғасады.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петр Борейко

Хабар 24 телеарнасы