423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сингапурде әлеуметтік арақашықтықты қадағалайтын робот пайда болды.

  • 296
  • UPD: 09:06, 10.05.2020
Сингапурде әлеуметтік арақашықтықты қадағалайтын робот пайда болды. Interesting Engineering

«Spot» деп аталатын құлтемір әзірге қаладағы саябақтың бірінде сынақтан өткізіліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның міндеті – паркте серуендеп жүрген адамдардың бір-біріне тым жақындамауын бақылап, ескертіп отыру. Бұл үшін ол өзінің бейнекамера және сенсорлы жүйесімен паркте жаяу жүргіншілердің санын анықтап, дауыс зорайтқышпен әлеуметтік арақашықтықты сақтау керектігін хабарлайды. Әзірге робот қашықтан басқарылады. Бірақ келешекте ол толықтай автономды жұмыс істеуге көшеді. Осылайша жергілікті билік қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтықты қадағлайтын жаяу патрульдердің санын азайтпақ ойда.

Хабар 24 телеарнасы