425,02 450,91 6,80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Испанияда шектеулерді жеңілдетудің жаңа кезеңі күшіне енді

  • 449
  • UPD: 10:32, 11.05.2020

Испанияда коронавирусқа байланысты енгізілген шектеу шараларын жеңілдетудің жаңа кезеңі күшіне енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған сәйкес Мадрид пен Барселонадан бөлек аймақтардың тұрғындарына туған-туыстарына қатынауға рұқсат етіледі. Бірақ бір өңірден екінші өңірге саяхаттауға болмайды. Ал кез келген басқосу 10 адамнан аспауы тиіс. Аумағы 400 шаршы метр болатын сауда орындары мен мұражай, театр және шіркеулер бірақтар шектеулермен жұмыс істей бастайды. Дәмхана мен мейрамханалар тек террассаларын ашып, келушілердің қарасы әдеттегі санның жартысынан аспауын қадағалауы тиіс.

Лионель, мейрамхана қожайыны:

– Біз бәрін талапқа сай дайындадық. Мысалы, үстелдер 1 метр арақашықтықпен орналастырылды. Барлығын тазалап, зарарсыздандырдық. Тұтынушылар біздің сақтық шараларымызды бағалап, террасамызға келіп тамақтанады деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы