476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Ауғанстанда азық-түлік тарату кезінде 6 адам қаза тапты

  • 486
  • UPD: 11:26, 11.05.2020
Ауғанстанда азық-түлік тарату кезінде 6 адам қаза тапты

Ауғанстанның Гор провинциясында коронавирусқа байланысты тамақты тегін тарату кезінде қақтығыс болып, 6 адам қаза тапты.

Тәртіпсіздік азық-түліктің дұрыс бөлінбеуінен туындаған. Қақтығыс 300-ге жуық адамның шеруге шығуынан басталды. Кей тұрғындар тәртіп сақшыларына тас лақтырып, провинция губернаторының үйіне кіруге талпынған. Осыдан кейін полиция оқ атып, 4 тұрғын көз жұмды. Айта кетейік, Ауғанстанда коронавирусқа байланысты енгізілген шектеу шараларынан әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлай түскен. Сондықтан билік халыққа тегін азық-түлік таратуды қолға алған. Бірақ адамдар шара әділетсіз жүзеге асырылып жатыр деп шағымдануда.

Хабар 24 телеарнасы