423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцарияда мектептер ашыла бастады

  • 456
  • UPD: 14:13, 11.05.2020

Швейцария коронавирусқа байланысты енгізілген шектеу шараларын жеңілдетуге көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгіннен бастап мектептер қайта ашылуы тиіс. Оқу орындарында әлеуметтік арақашықтықты сақтап жұмыс істемек. Бірақ ата-аналардың барлығы бірдей балаларын мектепке жіберуге асығар емес. Себебі оларды кей елдерде балалардың жаңа ауруға шалдығуы алаңдап отыр. Кавасаки дертіне ұқсас жаңа індетке көбіне 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндер шалдығып жатыр. 

Марион Муссадек, жергілікті тұрғын:

– Біз балалар арасында Кавасаки ауруына ұқсас жаңа дерттің таралуына қатты алаңдап отырмыз. Індет әлі зерттелмеген. Кей мамандар оны коронавируспен байланыстырады. Бірақ бізді мазалаған көп сұраққа әлі жауап алған жоқпыз.

Хабар 24 телеарнасы