418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанның ЕАЭО-ға бақылаушы ел ретінде қатысуы мақұлданды

  • 194
  • UPD: 17:33, 11.05.2020
Өзбекстанның ЕАЭО-ға бақылаушы ел ретінде қатысуы мақұлданды

Өзбекстан Парламентінің жоғары палатасы елдің Еуразиялық экономикалық одаққа бақылаушы мемлекет ретінде қатысуын мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Сенат отырысының күн тәртібіне қойылған Үкіметтің бұл ұсынысын 91 депутаттың 71-і қолдады. Олардың айтуынша, Өзбек елінің интеграциялық бірлестікпен ынтымақтастығы экспорттық нарықты кеңейтіп, жүк транзиті мен көлік-коммуникациялық салаларда жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен бірге экономикалық кеңістікте еңбек етіп жүрген мигранттардың жағдайы да жақсарады. Алайда кейбір сенаторлар одаққа мүшеліктің кемшіл тұстарын да тізіп айтты. Мәселен, экономиканың бірқатар секторында өндіріс қарқыны бәсеңдеп, жұмыс орындары азаюы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы