422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Илон Маск кредит есебінен күн кешіп отыр

  • 494
  • UPD: 19:00, 11.05.2020
Илон Маск кредит есебінен күн кешіп отыр

Tesla және SpaceX компанияларының иесі Илон Маск кредит есебінен күн көріп отыр. Себебі ол қазір осы компаниялардың акцияларын кепілге қойып, ақша алып жүр.

Бұл туралы The Wall Street Journal жазды.

Қазір оның активтері 39 миллиард доллар тұрады. Ал Маск банктерге 548 миллион доллар қарыз.

Кәсіпкердің борышы туралы бірнеше сотта істердің қаралуынан кейін жалпақ жұртқа мәлім болды. Арасында Масктың 2008 жылы бірінші әйелімен ажырасуы кезінде ақшасын тауысқаны да, британдық дайвер Вернон Ансвортқа тіл тигізгені үшін оған сот шешімімен шығарылған үкім 75 мың АҚШ долларын осы күнге дейін төлей алмай келе жатқаны да бар. Сөйтсе кәсіпкер ақшасын Tesla, SpaceX және SolarCity компанияларының акциясы түрінде ұстайды екен. 

Қазір Илон Маск қарыздарынан құтылу үшін өзінде бар мүлікті саудаға шығарды.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы