419,57 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мәскеудің көрме орталығында науқастарға арналған 1000 орын әзірленді

  • 362
  • UPD: 14:14, 12.05.2020
Мәскеудің көрме орталығында науқастарға арналған 1000 орын әзірленді

Мәскеудің көрме орталығында коронавирусқа шалдыққан науқастар үшін 1000 орын әзірленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа емдеу орталығы бүгін ашылмақ. Красногорск клиникасының бас дәрігері Константин Соболевтің айтуынша, орталықта мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Оның 350-і дәрігер. Қазірдің өзінде 90 дәрігер мен 150 медицина қызметкері жұмысын бастап кетті.

Айта кетейік, Ресей коронавирус жұқтырғандардың саны бойынша әлемде АҚШ пен Испаниядан кейінгі орында тұр. Көрші мемлекетте 221 мыңнан астам науқас тіркелген. Соңғы тәулікте 11656 адам осы дертке шалдыққан. 2 мыңнан астамы көз жұмды. Індет құрбандарының басым бөлігі Мәскеу тұрғындары. Бұған қарамастан, ел карантин режимінен біртіндеп шыға бастамақ.

Константин Соболев, Красногорск ауруханасының бас дәрігері:

Көрме ғимаратында аурухананың уақытша бөлімшесін ашып отырмыз. Мұнда ауруы жеңіл немесе орта деңгейдегі науқастар ем қабылдайтын болады. Жұмыс бастауға, яғни емдеуге толық дайынбыз деп айта аламын.

Хабар 24 телеарнасы