417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресей COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша екінші орынға шықты

  • 386
  • UPD: 14:26, 12.05.2020
Ресей COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша екінші орынға шықты

Ресейде коронавирус инфекциясының 232 243 жағдайы тіркелген.

Осылайша, Ресей COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орында тұр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, АҚШ бірінші орында – 1,3 млн-нан астам адам вирус жұқтырған. Одан кейінгі орында тұрған Ресей Испания (227 мыңнан астам) мен Ұлыбританиядан (224 мыңнан астам) озып кетті.

Сонымен қатар тізімге Италия, Франция, Германия, Бразилия, Түркия, Иран және Қытай кіреді.

ДДСҰ-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес әлемде коронавирустың төрт миллионнан астам жағдайы анықталды, оның ішінде 278 мың адам сауығып кетті.

Ресейде бір тәулік ішінде COVID-19-дың 10 899 жағдайы анықталды, 3711 адам жазылып шықты, ал 107 адам вирустан көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы