Иран теңіз әскери күштерінің «Жамаран» атты фрегаты жаттығу кезінде әскери кемені атып түсірді.
Оқиға Ормуз бұғазының маңында орын алды. «Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бортта болған 19 адам мерт болып, тағы 15-і түрлі жарақат алды. Қазір су көлігі жақын маңдағы портқа жеткізілді. Белгілі болғандай, әскери жаттығу кезінде жаңа зымыран сыналып жатқан еді. Болжам бойынша зардап шеккен катер арнайы қойылған нысанадан алысқа ұзап үлгермеген көрінеді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда.
