420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресей COVID-19 жұқтырғандар саны жағынан әлемде 2-орынға шықты

  • 421
Ресей COVID-19 жұқтырғандар саны жағынан әлемде 2-орынға шықты

Ресейде өткен тәулікте тағы 10 мыңнан астам азаматтан коронавирус табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір күн бұрын қатерлі дерт 11,5 мыңдай адамнан анықталған еді. Осылайша, Ресейдегі науқастардың жалпы саны 232 мыңнан асып отыр. Бұл көрсеткіш бойынша көрші ел Испанияны артта қалдырып, әлемде екінші орынға шықты. Енді алда тек АҚШ қана. Джонс Хопкинс университеті ұсынған мәліметке сай, бүгінде Америкада 1 миллион 350 мыңға жуық науқас болса, Испанияда 227 мың адам вирус жұқтырған.

Айта кетейік, кеше ғана Ресей вирус жұқтырғандар саны жағынан Ұлыбритания мен Италияны қуып жетіп, үшінші орында тұрған болатын. 

Хабар 24 телеарнасы