Чилиде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың қатары 30 мыңнан асты.
Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды. 323 адам COVID-19-дан көз жұмды. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта елде індет одан бетер өршіп кетуі ықтимал. Бұған аймақтағы қыс мезгілінің басталуы мен ауа температурасының төмендеуі себеп болуы мүмкін. Дәрігерлер елде жылу маусымы басталысымен ауаның ластануы артып, ал бұл жағдай өз кезегінде халықтың вирусқа оңай шалдығуына әкеп соғуы мүмкін деп болжап отыр. Қазір ел астанасы Сантьягода вирус дендеп барады. Науқастардың 70%-і осы қалада тіркелген.