412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Колумбия мен Панама шекарасындағы 300-ге жуық мигранттың барар жері жоқ

  • 94
  • UPD: 15:36, 12.05.2020
Колумбия мен Панама шекарасындағы 300-ге жуық мигранттың барар жері жоқ

Колумбия мен Панама шекарасында орналасқан Некокли қаласында 300-ге жуық мигранттың барар жері жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келімсектер 3 айдан астам уақыт бойы осы аймақта жүр. Жергілікті билік өзге елден келген кірмелердің жағдайын жасау үшін қаражат жеткіліксіз деп отыр. Заңсыз мигранттардың дені Гаити, Чили, Бразилия, Венесуэла, Куба мен Африка елдерінен келгендер. 60-тан астамы кәмелет жасқа толмағандар. Арасында жүкті әйелдер де бар. Шекара асқандардың барлығы бастапқыда АҚШ аумағына кірмек болған.

Дордж Тобон, Некокли қаласының мэрі:

Муниципалитеттің экономикалық ахуалы онсыз да көңіл көншітпейді. Мигранттарды азық-түлікпен қамтамасыз ету керек. Оған жергілікті билік қауқарсыз. Мына тығырықтан шығу үшін көмек сұраймыз. Пандемия кезінде бұл жағдай адам денсаулығына да қауіпті болып тұр. Тым құрғанда оларды еліне департациялау үшін де қаражат қажет.

Хабар 24 телеарнасы