399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирусқа қарсы антиденелері бар адамдардың үлесі өте аз – ДДСҰ

  • 135
Коронавирусқа қарсы антиденелері бар адамдардың үлесі өте аз – ДДСҰ

Карантиннен шығу шаралары асқан жауапкершілікпен жақсы ойластырылуы керек. Әрі қауіпсіздік пен сақтыққа мән берген дұрыс. Осы қадамға барған елдер коронавирусты жұқтыру санының өсуіне дайын болып, бұған қарсы тиімді шаралар қабылдауы қажет.

Бұл туралы Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. Соңғы зерттеулер вирусқа қарсы антиденелері бар адамдардың үлесі өте аз екенін көрсетті.

Тедрос Адханом, Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

– Пандемия кезінде экономиканы ынталандырып, вирустың таралуын жіті қадағалау үшін шектеу шараларын біртіндеп алып тастау қажет. Індет қайта өршісе, тез арада қажетті талаптарды орындау керек.

Хабар 24 телеарнасы