Жаңа Зеландияда коронавирус инфекциясының таралуына байланысты 25 наурызда жарияланған төтенше жағдай режимі алынып тасталды.
«Жаңа Зеландиядағы төтенше жағдай жойылды және жалпыұлттық өтпелі кезең жарияланды. Өйткені ел COVID-19-ға байланысты қауіптің екінші деңгейіне өтуге дайындалып жатыр», - деді елдің азаматтық қорғаныс министрі Пеени Хенаре.
Өтпелі кезең алдағы 90 күнге жалғасады деп көрсетілген.
4 мамырда Жаңа Зеландияда коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары анықталмағаны туралы хабарланды.