АҚШ-та Қытайға коронавируске байланысты санкция салу туралы заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.
Егер құжат мақұлданса, Қытайдың өзінің АҚШ-тағы қаржы активтерінен ақша алуы мүмкін болмай қалады. Визалар күшін жойып, қытайлардың Құрама Штаттарға кіруіне тыйым салынады.
Енді Қытай Ақ үйдің қаһарына ұшырамау үшін мына талаптарды орындауы тиіс:
- АҚШ атынан немесе АҚШ-қа одақтас елдер атынан, БҰҰ атынан (мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) тергеу жүргізіп жатқан ұйымдарға есеп беру;
- коронавирус дертіне шалдығу қаупін жою үшін Қытай бойынша жабайы жануарларды сататын базарлардың барлығын жабу;
- коронавирус шыққанан бері ұсталған Гонконг белсенділерін босату.
RBC
Аударған: Г.Абилова