430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коста-Рикада кемедегі жүктен 1 тонна 250 келі кокаин табылды

  • 312
  • UPD: 13:50, 13.05.2020
Коста-Рикада кемедегі жүктен 1 тонна 250 келі кокаин табылды MIGnews

Коста-Рика полициясы ананас шырынының арасына жасырып салынған 1 тонна 250 келі кокаин есірткісін тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары заңсыз жүкті ең маңызды бағыттарға қатынайтын кемлерді тексеру кезінде кездестірген. Есірткі салынған контейнер Нидерландтағы Роттердам қаласына жеткізілмек болған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Полицияның мәлімдеуінше, бұл соңғы алты айда осымен үшінші кемеден табылған ірі көлемдегі есірткі. 15 ақпанда дәл осы Роттердам қаласына жеткізілмек болған 6 тонна есірткі ұсталған.

Хабар 24 телеарнасы