417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия мен Австрия шекараларын 15 маусымнан бастап ашуға ниетті

  • 211
  • UPD: 14:45, 13.05.2020
Германия мен Австрия шекараларын 15 маусымнан бастап ашуға ниетті

Германия мен Австрия билігі коронавирустық пандемияға байланысты жабылған шекараны 15 маусымда ашпақ.

Австрия баспасөзінің хабарлауынша, Германия канцлері Ангела Меркель сейсенбіде шекараны ашу жоспарын ұсынды. Бүгін Германия мен Австрия арасында Бавария мен Жоғарғы Австрия шекаралас аймақтарының тұрғындары үшін шағын шекаралық өткелдер ашылды.

Алдағы уақытта Австрияның Тироль және Зальцбургтегі шекара бекеттері ашылады.

Айта кетсек, Австрияда коронавирустың таралуымен күресу мақсатында наурыз айында санитарлық және шекаралық бақылау енгізілді.

Хабар 24 телеарнасы