432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коста-Рикада ананас шырындарының арасынан бір тонна 250 келі кокаин табылды

  • 386
  • UPD: 18:56, 13.05.2020
Коста-Рикада ананас шырындарының арасынан бір тонна 250 келі кокаин табылды

Коста-Рика полициясы ананас шырындарының арасынан 1 тонна 250 келі кокаин есірткісін тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары заңсыз жүкті ең маңызды бағыттарға қатынайтын кемелерді тексеру кезінде кездестірген. Есірткі салынған контейнер Нидерландтағы Роттердам қаласына жеткізілмек болған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Полицияның мәлімдеуінше, бұл соңғы алты айда осымен үшінші кемеден табылған ірі көлемдегі есірткі. 15 ақпанда дәл осы Роттердам қаласына жеткізілмек болған 6 тонна есірткі қолға түсірілген екен.

Хабар 24 телеарнасы