412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда емін-еркін көшеге шығуға рұқсат етілді

  • 174
  • UPD: 23:51, 13.05.2020

Әлем елдері карантин тәртібін кезең-кезеңімен жеңілдетіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда, қалыпты тіршілікке көшу бірқатар ел билігін қайта әбігерге салды.

Ұлыбританияда қоғамдық көлік қолданушылар саны артып, биліктің арақашықтықты сақтау талабы орындалмай жатыр.

Жансұлу Дүйсенәлі, тілші:

- Бүгіннен бастап Ұлыбританияда емін-еркін көшеге шығуға рұқсат етілді. Бұл наурыз айында жарияланған шектеулерді жеңілдетудің ең алғашқы кезеңі. Бұған дейін тұрғындар сыртқа күніне тек бір мәрте және бір сағатқа ғана шыға алатын еді. Енді жерасты метросына сұраныс артқан. Бұған дейін ел премьері Борис Джонсон тұрғындарды қоғамдық көлікті қолданбауға шақырған-ды. Ұсыныс бойынша жұмыс орнына жаяу немесе велосипедпен бару керек. Дегенмен, Біріккен Корольдікте қазір жұмыссыздық деңгейі өскен. Сондықтан тұрғындар қоғамдық көліктегі қауіпке қарамастан, жұмысқа жаппай оралып жатыр.

Риши Сунак, Ұлыбританияның Қаржы министрі:

- Қазір 7,5 миллионнан астам адамның жұмыс орны қысқаруы мүмкін. Шұғыл шара қабылдамасақ, ол орындарды қайта аша алмаймыз. Бүгінге дейін жабылуға шақ тұрған миллион шағын кәсіп иелеріне қолдау көрсеттік.

Жансұлу Дүйсенәлі, тілші:

- Әлеуметтік арақашықтық мәселесі автобуста та байқалады. Мына видеодан қоғамдық көліктегі жолаушылар санын көруге болады. Арақашықтық түгілі ине шаншар орын жоқ. Көптеген сарапшылар «көліктегі тығыздық COVID-19-ды жұқтырудың жаңа толқынына әкелуі мүмкін» дейді.

Ал, коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында тұрған АҚШ тарапы Ресейдің көмегінен бас тартпақ. Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаты Мәскеудің көмек ретінде жолдаған жасанды желдетуге арналған аппараттарын қайтарып бермек. Оған аруханада шыққан өрт себеп болған. Кеше ғана Санкт-Петербургтағы Әулие Георгия ауруханасында «Авента М» аппаратының тұйықталуынан өрт шығып, бес адам қаза тапқан еді. Ажал құшқан науқастардың барлығы дерлік өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған болып шықты.

Павел Данилов, Выборг ауданының прокуроры:

- Жедел ақпарат бойынша палатада болған төрт адам қайтыс болды. Ал, тағы бір науқастың өлімі әлі анықталып жатыр.

Жансұлу Дүйсенәлі, тілші:

- Бұл Мәскеудегі осымен екінші өрт. Бұған дейін 9 мамыр күні Мәскеудегі COVID-19 жұқтырған науқастардың жан сақтау бөлімінде қызыл жалын тұтанып, бір әйел көз жұмған еді. 300 адам эвакуацияланды. Жергілікті басылым өрттің себебі тағы да өкпені жасанды желдету аппаратының тұйықталуынан болғанын айтады. Бүгінде құрылғының бұл маркасы өндірістен тоқтатылды.

Авторы: Жансұлу Дүйсенәлі

Хабар 24 телеарнасы