418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германия маусымда шекарасын түгел ашуы мүмкін

  • 222
  • UPD: 11:19, 14.05.2020

Елдің ішкі істер министрі Хорст Зеехофер осылай деді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал 16 мамырдан бастап Франция, Швейцария және Австриямен арадағы шекарада кедендік бақылау біршама жеңілдей түспек. Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты наурыздың ортасында Германия көрші елдермен арадағы шекарада бақылауды күшейткен еді. Содан бері кеден бекеттерінен тек коммерциялық көліктің өтуіне ғана рұқсат.

Хорст Зеехофер, Германияның ішкі істер министрі:

– Біздің мақсат – маусымның ортасынан бастап тұрғындарға Еуропа аумағында еркін саяхаттауға мүмкіндік беру. Алайда ол үшін ауру жұқтыру деректерінің көрсеткіші қазіргідей төмен болуы қажет. Мәселен, бұрын ел аумағында науқас саны  күн сайын мыңдап тіркелген болса, қазір олардың қатары айтарлықтай азайған.

Хабар 24 телеарнасы