427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада 100 адам спирттен уланып қайтыс болды 

  • 282
  • UPD: 10:17, 14.05.2020
Мексикада 100 адам спирттен уланып қайтыс болды 

Мексиканың төрт штатында 100-ге жуық адам контрафактілік алкогольді сусыннан уланып мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың көбі өткен аптада Аналар күні мерекесінде көз жұмған. Пуэбла штатының билігі аймаққа заңсыз әкелінген 200 литрден астам спирттік өнім тәркіленгенін хабарлайды. Бұл өңірде 20 адам қайтыс болған. Дәрігерлер уланып ауруханаға түскендердің көбі көз жанарынан айырылғанын айтады. 

Айта кетейік, жергілікті билік Мексикада демалыс күндері масайтатын ащы сусын сатуға тыйым салғанмен, заңға бағынбайтындар кездесіп жатыр. Оған қоса, коронавирусқа қарсы тұру үшін қолға алынған шараларға қатысты елде сыра өндірісі тұралап қалған. Енді халық заңсыз жұмыс істеп жатқан дүкендерде еш кедергісіз алкогольді ішімдікті көптеп сатып алуда.

 

 

Хабар 24 телеарнасы