418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ ғалымдары мысықтардың бір-біріне коронавирус жұқтыратынын анықтады

  • 234
  • UPD: 11:01, 14.05.2020
АҚШ ғалымдары мысықтардың бір-біріне коронавирус жұқтыратынын анықтады

Зертханалық тәжірибе кезінде коронавирус жұқтырған мысықтар сау мысықтарға COVID-19 жұқтыратыны белгілі болды.

Олар тіпті коронавирус инфекцияның белгілерін көрсетпеуі де мүмкін, деп хабарлады Associated Press.

Тәжірибе барысында зерттеушілер үш мысыққа коронавирус жұқтырды. Содан кейін сырқат мысықтардың әрқайсысы сау жануармен бірге орналастырылды. Бес күннен кейін тағы үш сау мысықтан коронавирус анықталды, алайда ешқайсысынан COVID-19 белгілері байқалмаған.

Зерттеушілердің пікірінше, бұл тәжірибенің нәтижесі вирустың мысықтардан адамға жұғу ықтималдығын қайта зерттеу қажет екенін дәлелдейді.

Қазіргі уақытта коронавирустың мысықтан адамға берілуі туралы ешқандай дәлел жоқ. Бірақ адамдардан жануарларға жұғу жағдайлары тіркелген. Сонымен, сәуір айының басында Нью-Йорктегі Бронкс хайуанаттар бағында бірнеше жолбарыс пен арыстанға COVID-19 диагнозы қойылды. Сонымен қатар қытай ғалымдары Ухань қаласындағы 102 мысықтан коронавирусқа қарсы антиденелер табылды.

Коронавирус жұқтырған мысықтарда да адамдардағы секілді белгілер болатыны туралы дәлелдер бар.

Хабар 24 телеарнасы