422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда лаңкестік жарылыстан бес адам қаза тапты

  • 301
  • UPD: 12:41, 14.05.2020
Ауғанстанда лаңкестік жарылыстан бес адам қаза тапты

Ауғанстанның Пактия провинциясында жарылыстан 5 адам қаза тауып, тағы 19 адам жараланды.

Қаза тапқандардың барлығы бейбіт тұрғындар. Ал жараланғандар арасында 5 әскери бар. 

Оқиға барысында Гардез қаласындағы әскери соттың қасында тұрған көліктің күлі көкке ұшқан.

Лаңкестік әрекетті әзірге ешбір топ мойындаған жоқ.

Ауғанстанның 1TV арнасы

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы