432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең кішкентай адам кім

  • 371
  • UPD: 12:57, 14.05.2020
Әлемдегі ең кішкентай адам кім

Колумбиялық бойы 72 сантиметр болатын Эдвард Ниньо Эрнандес әлемдегі ең қысқа адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына сертификат алды.

«Әлемдегі бойы ең қысқа адам Гиннестің рекордтар кітабының титулына ие болды. Ол бұған ең қысқа адам атағын алғаш алғанына 10 жыл өткенде ие болып отыр. 34 жастағы колумбиялық Эдвард Ниньо Эрнандестің бойы небәрі 72,1 сантиметрді құрайды», - делінген хабарламада.

Оған алғаш рет 2010 жылы планетадағы ең кішкентай адам атағы берілді. Алайда көп ұзамай бұл атақты Непал тұрғыны Хагендра Тапа Магар алып қойды, оның бойы – 66 сантиметр. Содан кейін бұл рекордқа бойы 54 см болатын непалдық Чандра Баадур Данг ие болды. Ол 2015 жылы ол қайтыс болған соң титул Хагендраға ауысты. Ал ол 2020 жылдың қаңтарында қайтыс болып, осылайша, рекорд тағы Эрнандеске тиесілі болып отыр.

«Мен қалағанымның бәріне қол жеткізе аламын. Ол үшін бой маңызды емес!» - дейді рекордшы.

Хабар 24 телеарнасы