426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испанияда туризм мен сауда саласының дамуы тежелді

  • 300
  • UPD: 14:14, 14.05.2020
Испанияда туризм мен сауда саласының дамуы тежелді

Коронавирус пандемиясы Испанияның туризм саласының дамуын тежеп, шығынға батырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер бұрын саяхатшылар жиі келетін Малага портты қаласы шет ел азаматтарына лық толы болса, бүгінде шаһардағы мейрамханалар, қонақүйлер мен ойын сауық орталықтар қаңырап бос тұр. Бұл аздай жуырда жергілікті билік Испанияға келген әр азамат 14 күн карантинде болу керек деген талап қойды. Бұған туризм саласының өкілдері қарсы. Айтуынша, бұл онсыз да мүшкіл экономикаға кері әсерін тигізеді. Айта кетейік,  Батыстың дамыған елдерінің ЖІӨ-нің едәуір бөлігін туризм саласы құрайды. Енді Еуроодақ Италия, Грекия, Хорватия, Португалия мен Испаниядағы туризмнің тұралап қалмауы үшін жаңа жоспар әзірлеуде.

 

Хабар 24 телеарнасы