418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та орман өрті көбейді

  • 165
  • UPD: 14:52, 14.05.2020

Калифонияда биыл жыл басынан орман өрті қайта көбейген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Орманды алқаптардың жануы өткен жылмен салыстырғанда 60 процентке артқан. Бұл туралы штат губернаторы Гэвин Ньюсом мәлімдеді. Аймақ басшысының айтуынша, бұл негізінен күннің ыстық әрі жауынсыз болуынан туындауда. Коронавирусқа байланысты жағдай тіпті нашарлай түспек. Себебі індетпен күреске штат бюджетінің едәуір бөлігі жұмсалған. Еске сала кетейік, былтыр қазан айында Калифорнияда ірі орман өрттері тіркеліп, мыңдаған адам эвакуацияланған.

Гэвин Ньюсом, Калифорния штатының губернаторы:

– Аймақта орман өрті маусымы басталатынын ескерткім келеді. Кей маман Калифорнияда енді ірі орман өрті болмайды дейді. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Себебі орман өрті жыл бойы болып тұратын табиғат апаты. Сондықтан коронавирусқа қарамастан өртпен күреске қажетті шараларды күшейте береміз.

Хабар 24 телеарнасы