428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемдегі ең ірі спутниктік оператор банкротқа ұшырағанын хабарлады

  • 284
  • UPD: 15:01, 14.05.2020
Әлемдегі ең ірі спутниктік оператор банкротқа ұшырағанын хабарлады

Әлемдегі ең ірі спутниктік оператор Intelsat өзінің қарыздарын қайта құрылымдау үшін банкротқа ұшырағаны туралы өтініш берді.

«Бұл біздің компания тарихындағы ауыр кезең. Intelsat – спутниктік индустрияның негізін қалаушы. 50 жылдан астам уақыт бойы бізді сапа үшін, жоғары деңгейлі қызметтер үшін құрметтейді. Қарыздарымыздың бар екеніне қарамастан, жетістіктеріміз көп болды», - деді компанияның бас директоры Стивен Шпеннглер.

Банкроттық процедураларды қолдана отырып, компания АҚШ-тағы Федералды байланыс комиссиясынан АҚШ-та 5G желілік инфрақұрылымын орналастыру үшін C-диапазон жиіліктерін пайдалануға рұқсат алғысы келеді.

Сонымен қатар компания коронавирустық пандемиядан қатты зардап шеккенін айта кету керек.

Хабар 24 телеарнасы