418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Commerzbank коронавирус салдарынан 295 млн еуро шығынға батты

  • 212
  • UPD: 08:33, 15.05.2020
Commerzbank коронавирус салдарынан 295 млн еуро шығынға батты

Германияның Commerzbank-і коронавирус салдарынан 295 миллион еуро шығынға батты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Бұл алдын ала жасалған болжамнан әлдеқайда көп», - дейді сарапшылар. Әсіресе, банк несие қайтарымының төмендеуінен қиындыққа тап болып, шығынның орнын толтыру үшін 326 миллион еуро жұмсаған. Салыстырмалы түрде алсақ, өткен жылдың бірінші тоқсанында Commerzbank 122 миллион еуро таза пайда тапқан. Дегенмен, қаржы ұйымының өкілдері екі айлық карантин режимінен кейін банк жұмысы біртіндеп қалпына келеді деген үмітте.

Хабар 24 телеарнасы