423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстанда карантин режимі 1 маусымға дейін ұзартылды

  • 250
  • UPD: 09:58, 15.05.2020
Өзбекстанда карантин режимі 1 маусымға дейін ұзартылды

Өзбекстан билігі COVID-19 таралуына қарсы карантиндік шараларды 1 маусымға дейін ұзартты.

Алайда саябақтар, мұражайлар мен стадиондар 15 мамырда жұмысын қайта бастайды, деп хабарлады Өзбекстанның жедел штабы.

Ел билігі 1 сәуірден бастап Ташкент пен басқа аймақтарға өзін-өзі оқшаулау режимін енгізді, 65 жастан асқан азаматтардың үйлерінен шығуына тыйым салынды. 30 сәуірден бастап карантин шарттары біртіндеп жеңілдетіле бастады.

Өзбекстанда пандемия басталғалы 2645 адам коронавирус жұқтырған. Оның ішінде 11 науқас көз жұмды, 2136 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 498 науқас емделуде.

Хабар 24 телеарнасы