423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 4,5 миллионнан асты

  • 323
  • UPD: 12:03, 15.05.2020
Әлемде COVID-19 жұқтырғандар саны 4,5 миллионнан асты

Әлемде коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 4,5 миллионнан асты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Індет басталғалы бері 302051 адам қайтыс болды. Мамандырдың болжамы бойынша ауру симптомдары жеңіл түрде өткен науқастардың саны да аз емес. Қазір ауруханада жатқан 45 мыңға жуық адамның жағдайы мүшкіл. Науқастар саны ең көп тіркелген алғашқы үштікте АҚШ, Ресей мен Ұлыбритания тұр. Құрама штаттарында 1 млн 405 мың адам, көрші Ресейде 252 мыңнан астам науқас, ал Біріккен Корольдікте 234 мыңнан астам тұрғын індеттің ілмегіне ілінген.

Хабар 24 телеарнасы