420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Вьетнамда құрылыс алаңындағы апаттан он адам қаза болды

  • 376
  • UPD: 12:25, 15.05.2020
Вьетнамда құрылыс алаңындағы апаттан он адам қаза болды

Вьетнамда құрылыс нысаны құлап, кем дегенде он адам қаза тапты.

Оқиға салдарынан 15 адам жарақат алды. Бұл туралы VNExpress газеті хабарлады.

Апат Вьетнамның ДонгНай провинциясындағы Гианг Ден индустриалды паркіндегі құрылыс алаңында болған. Оңтүстіккореялық санитарлық майлықтар және балаларға сүт бөтелкелерін шығаратын зауыттың құрылысы кезінде (AV Healthcare) биіктігі 12 мв және ұзындығы 109 м болатын қабырға құлады.

Төтенше жағдай болған кезде мекемеде 50-60 жұмысшы болған. Сегіз құрылысшы оқиға орнында көз жұмды, ал екеуі, оның ішінде бір әйел ауруханада қайтыс болды.

Қазір оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасуда, өйткені кейбір жұмысшылар қирандылардың астында қалуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы