418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чили астанасы бір аптаға карантинге жабылды

  • 190
  • UPD: 14:09, 15.05.2020
Чили астанасы бір аптаға карантинге жабылды

Бүгіннен бастап Чили астанасы Сантьяго бір аптаға карантинге жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар ел аумағы бойынша 75 жастан асқан тұрғындар үшін де сыртқа шығуға тыйым салынды. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Індетке шалдыққандардың басым бөлігі Сантьяго қаласында анықталған. Қазір аймақтағы ауруханаларда бос орын жоқ. Мамандар науқастарды өзге өңірлердегі ауруханаларға көшіріп жатыр.

Айта кетейік, Чилиде 34 мыңнан астам адам COVID-19 диагнозымен тіркеліп отыр. Оның 25 мыңға жуығы ел астанасының тұрғындары. Ал, 360 адам вирус құрбаны болды.

Хабар 24 телеарнасы