419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда коронавирустан салық түсімі 81,5 млрд еуроға қысқарды

  • 430
  • UPD: 14:16, 15.05.2020
Германияда коронавирустан салық түсімі 81,5 млрд еуроға қысқарды

Германияда коронавирустан биыл мемлекет қазынасының кірісі 81,5 миллиард еуроға қысқарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 2008 жылғы әлемдік қаржылай дағдарыстан кейінгі үлкен құлдырау болғалы тұр. Сарапшылардың болжамынша, биыл мемлекет қазынасына 718 миллиард еуродай салық түседі. Сондықтан билік салық дефицитін жабу үшін 156 миллиард еуро көлемінде қаржы бөлген. Үкімет маусым айында экономиканы ынталандыру шараларын ұсынбақ.

Айта кетейік, Германия 20 сәуірден бастап карантин режимін жеңілдетуге көшті.

Хабар 24 телеарнасы