422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Илон Маск электромобильдердің бағасын төмендетуі мүмкін

  • 301
  • UPD: 15:18, 15.05.2020
Илон Маск электромобильдердің бағасын төмендетуі мүмкін

Tesla компаниясы жуық арада электромобильдерге арналған өте арзан және сапалы аккумулятор өндірісін бастауы мүмкін, деп хабарлады Reuters.

Жаңа құрылғыны қытайлық заманауи Amperex Technology компаниясымен бірге жұмыс істейтін америкалық инженерлер жаңа тобы құрастырады.

Жаңа батарея электр энергиясының құнын төмендетеді және нәтижесінде электромобильдің құны төмендейді деп күтілуде.

АҚШ сарапшылары бұл мақсатқа жету Tesla-ға электромобильдерді жанармаймен жүретін көліктердің бағасымен теңестіруге мүмкіндік беретінін айтуда.

Егер Tesla жоспары ойдағыдай орындалса, электромобильдердің бағасы 20-30 пайызға төмендейді. Мұндай жағдай бензин немесе дизельді автокөліктер сатылымына зиян тигізуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы