Еуропаның Airbus компаниясы да тақауда 10 мың жұмысшысын қысқартады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Басты себеп, сол баяғы коронавирус. Бұл бірлестік те жолаушы болмаған соң өзге әуе компаниялары секілді қиыншылыққа тап болып, активі азайған. Енді дағдарысты еңсеру үшін шығындарын азайтып, жұмысшыларын қысқартып жатыр. Айта кетейік, осы Airbus өткен айда авиа өндірісін де 2 есе азайтатынын мәлімдеген болатын.