418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда коронавирус кесірінен ет комбинатының жұмысы тоқтады

  • 163
  • UPD: 22:24, 15.05.2020

Германияда ет комбинаты жабылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Косфельд қаласындағы кәсіпорында 264 адам вирус жұқтырған. Жалпы мұнда 2 мыңнан астам адам еңбек етеді. Олардың барлығы карантинге алынды. Енді осының салдарынан қаладағы мейрамханалар, шаштараздар мен сауда орталықтарының да жұмысы тоқтатылды. Бұған өзге кәсіпкерлер наразы. Ет комбинатындағы жұмысшылар ара қашықтықтықты сақтамаған көрінеді. Қорғаныш құралдарын да қолданбағанға ұқсайды. Енді өзге кәсіпкерлер ет комбинатының иесін сотқа беріп, шығындарын өтеуді көздеп отыр.

Тобиас Велк Косфельд, қалалық әкімшілігінің өкілі:

– 700 қызметкерді тексеріп үлгердік. Енді тағы да бір мың адамға тест жасамақпыз. Нәтижесі 48 сағаттан кейін белгілі болады. Сонда науқастардың нақты саны шығады. Соған сәйкес шұғыл шаралар қабылдау қажет пе екенін білеміз.

Хабар 24 телеарнасы