421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузиялық танымал суретші кезекті туындысын медицина қызметкерлеріне арнады

  • 340
Грузиялық танымал суретші кезекті туындысын медицина қызметкерлеріне арнады

Грузияда танымал суретші Георгий Гагошидзе кезекті туындысын коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне арнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

34 жастағы граффист Тбилисидегі жұқпалы аурулар емханасының қабырғасына дәрігер әйелдің бейнесін салды. Онда ақ халатты жанның мина алаңында жүргендей коронавирусты іздеп жатқаны бейнеленген. Бұл дәрігерлер біздің болашағымыз үшін өмірін қатерге тігіп жатқанын көрсетеді дейді Гагошидзе.

Айта кетейік, Грузияда індетті жұқтырғандардың саны 652-ге жетіп, дерттен 12 адам қайтыс болған.

Георгий Гагошидзе, суретші:

– Мен бұл туындымды дәрігерлерге арнадым. Олар күн сайын мина тазалағандай, алғы шепте адамдардың өмірі үшін күресіп жатыр. Осы сурет арқылы дәрігерлерге алғысымды білдіргім келеді. Біз бұл вирусты жеңіп шығамыз деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы