470,90 450,91 8,85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Венеция маңындағы химиялық зауытта жарылыс болды

  • 664
  • UPD: 13:24, 16.05.2020
Венеция маңындағы химиялық зауытта жарылыс болды

Италияның Венеция қаласының жанындағы химиялық зауытта жарылыс болып, 2 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Апат шаһар аумағына қарасты Маргера портындағы өнеркәсіптік аймақта болды. Оқиға кезінде бояу шығаратын зауытта 30 адам жұмыс істеп жатқан. Жарылыстан қаза тапқандар жоқ. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, былтыр осы зауытқа қатысты жанжал туындап, өндіріс ошағының жұмысшалыры басшылық қауіпсіздік ережерелін сақтамай отыр деп наразылық шерулерін өткізген еді.

Хабар 24 телеарнасы