427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Словения Еуропада алғаш болып коронавирустың аяқталғанын жариялады

  • 348
  • UPD: 13:23, 16.05.2020
Словения Еуропада алғаш болып коронавирустың аяқталғанын жариялады

Словения Еуропада алғаш болып коронавирус эпидемиясының аяқталғанын жариялап, шектеу шараларын біртіндеп алуға кірісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі елде коронавирустың таралуы бәсеңдеп, жағдай тұрақталған. Бірақ кей тыйымдар әлі де сақталады. Мысалы, жаппай ойын-сауық шараларын өткізуге болмайды. Адамдар жабық қоғамдық орындарда бетперде мен қолғап киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтауы тиіс. Мемлекет сыртқы шекараны да бірқатар шектеумен ашуға ниетті. Еуроодақтан өзге елдерден келген азаматтар 14 күндік карантинге жабылады.

Айта кетейік, 2 миллион халқы бар Словенияда COVID-19-ды жұқтырғандардың саны 1 жарым мыңға жуықтаған. Дерттен 106 науқас қайтыс болды.

Мария, жергілікті тұрғын:

– Меніңше, бұл тым асығыс қабылданған шешім. Шектеу шараларын осы айдың соңына дейін созу керек еді. Мен бұл мәселе бойынша сарапшы болмасам да, қазір тыйымдарды алу ерте деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы