422.97 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда қазақ оюлары салынған бетперделер пайда болды

  • 320
  • UPD: 08:19, 17.05.2020

Қазақстандық Динара Қошқарбаева қазақ ұлттық оюлары бар бетперделерді Сеул тұрғындарына тегін үлестіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол қаңтарда, Оңтүстік Кореяда коронавирусты жұқтырған алғашқы науқас тіркелген кезде, қорғаныс құралдарын тігу туралы шешім қабылдады. Содан бері отандасымыз жүздеген бетперде жасап үлгерді. Динара Қошқарбаева Сеулге Жезқазғаннан он жыл бұрын келген. Кореяда отбасын құрған. Ол Сеулдегі мектептердің бірінде қазақ мәдениетінен сабақ беріп,  қазақтың ұлттық киімдерін тігеді.  

Динара Қошқарбаева, Сеул қаласының тұрғыны:

– Осы оюды көріп әдемі екен, қара мен ақты бересіз ба? Енді мен түсіндіремін. Қазақтың қошқар мүйізі, осындай біздің ұлттық оюмыз деп. Мұғаліммін. Қазақстанның мәдениеті жайында сабақ беремін.

Хабар 24 телеарнасы