423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та өрттен 11 адам зардап шекті

  • 337
  • UPD: 13:40, 17.05.2020
АҚШ-та өрттен 11 адам зардап шекті

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы бір қабатты ғимаратта жарылыс болып, артынша өрт шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жауды ауыздықтауға жұмылдырылған 230 адамның 11-і жарақат алды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, түрлі дәрежеде күйік шалған өрт сөндірушілер дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Қазір екі адам ауыр халде жатыр.  Оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу  жалғасуда.

 

Хабар 24 телеарнасы