418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда велосипедке сұраныс артты

  • 194
  • UPD: 15:32, 17.05.2020

Германия тұрғындарының велосипедке деген қызығушылығы артты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Пандемия басталғалы неміс халқы көліктің бұл түріне отыруды жөн көріп отыр. Мәселен, көпшілік қоғамдық көлікке мінуге қорқады. Өйткені ауру жұқтыру қаупі бар. Егер өткен жылда Германияда 4 млн 300 мыңнан астам велосипед сатылса, биыл бұл сан еселене түспек. Әсіресе, электрлік байктер жиі сатылуда. Жергілікті билік те халықтың бұл шешімін құптап отыр. Тіпті, Бундестагта  тауардың бұл түрін сатып алғандар үшін сыйақы беру туралы шешім қабылданды. Алайда оның нақты сомасы әзірге белгісіз.

Алекс, Берлин тұрғыны:

– Мен электрлік велосипед сатып алуды жөн көрдім. Өйткені коронавирустың кесірінен қоғамдық көлікте жүргім келмейді. Әдетте онда адам көп жиналады. Сондықтан жылдамдығы жоғары велосипед сатып алдым. Таныстарымның көбі де осындай шешім қабылдады. Достарым демалысында ешқайда бара алмағандықтан ақшасын велосипедке жұмсады.

Хабар 24 телеарнасы